Домой Uncategorized НҰР-СҰЛТАНДА ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҰБТ-ҒА ТЕГІН ДАЙЫНДАЙДЫ

НҰР-СҰЛТАНДА ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ САБАҚТАН ТЫС УАҚЫТЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҰБТ-ҒА ТЕГІН ДАЙЫНДАЙДЫ

Астаналық жаңашыл ұстаз Нұрбай Нұрсапа мектеп түлектерін ҰБТ-ға дайындау үшін тегін сабақтар өткізеді. Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейде химия пәнінен сабақ береді, сонымен қатар оқушыларды олимпиадаларға және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайды.Жас педагог сабақтан тыс уақытында өзінің YouTube және Telegram арналарында тікелей эфирде бейнесабақтар жүргізеді. Онлайн сабақтар YouTube-те 50 мың сағатқа жуық қаралым жинады, ұстаздың каналы мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында оқырмандары күн санап артып келеді. Әсіресе, онлайн сабақтарға ауыл түлектері үлкен қызығушылық танытуда.«Әлеуметтік желілерде видеосабақтар өткізудегі бастапқы мақсатым ауылдағы мектеп оқушыларын ҰБТ-ға тегін әрі тиімді дайындауға көмектесу болды. Себебі ауылда жеке дайындаушымен жұмыс жасау, арнайы дайындық курстарына қатысу көп жағдайда мүмкін емес. Ең ұзақ тікелей эфир 7 сағаттан астам уақытқа созылды, осы уақыт ішінде оқушылармен ҰБТ-дағы ең қиын 100 тапсырманы шештік. Менің сабақтарымды еліміздің әр өңірінен мектеп оқушылары тамашалап, химия пәнінен тереңірек білім алып жатқаны қуантады. Шәкірттерімнің арасында еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына , шетелдің жоғары оқу орындарына грантпен оқуға түскендері көп», — дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы №66 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі Нұрбай Нұрсапа.Бейнесабақтар арқылы жас мұғалім күрделі формулаларды оңай әрі ұғынықты түсіндіреді, қызықты химиялық тәжірибелер өткізеді және студенттерге әртүрлі есептерді шығаруға көмектеседі. Сондай-ақ Нұрбай Нұрсапа өз мектебінің оқушыларын химия пәнінен олимпиадаларға дайындайды. Оның шәкірттері 8 рет республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы атанып, алтын, күміс, қола медальдарды иеленді.«Нұрбай Нұрсапа өте сауатты, кәсіби білікті ұстаз. Бұрын ұлым Әмірбек Бақдәулет тек спорттық жарыстарға қызығушылық танытса, Нұрбай Нұрсапа химия пәнінен сабақ бере бастағалы жаратылыстану пәндеріне қызыға бастады. Нәтижесінде ұлым 9-сыныпта Республикалық химия пәні олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Енді ол келесі жарысқа дайындалып жатыр. Мен ұлымның осындай тамаша ұстазы барына қуаныштымын және балалардың білімге деген сүйіспеншілігін оятқаны үшін талантты мұғалімге алғыс айтамын», — дейді ата-ана Жәнібек Устаев.Нұрбай Нұрсапа балаларды түрлі зияткерлік сайыстарға дайындап қана қоймай, өзі де ұстаздар арасындағы сайыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Ол қалалық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Сондай-ақ жаңашыл ұстаз өзге әріптестерімен өзінің тәжірибесімен қуана бөліседі. Химия пәні мұғалімдеріне оқу-әдістемелік құралдар әзірлеп, оқу вебинарларын өткізеді. Нұрбай Нұрсапа зияткерлік олимпиадаға қатысушыларға арналған химиядан есептер жинағын да шығарды.

УЧИТЕЛЬ ХИМИИ ИЗ НУР-СУЛТАНА ВО ВНЕУРОЧНОЕ ВРЕМЯ БЕСПЛАТНО ГОТОВИТ ШКОЛЬНИКОВ К СДАЧЕ ЕНТБесплатные уроки по подготовке выпускников школ к ЕНТ проводит столичный педагог-новатор Нурбай Нурсапа. Он преподает химию в школе-лицее № 66 города Нур-Султан, а также готовит школьников к олимпиадам и к единому национальному тестированию.Также молодой педагог-мастер в свободное от школьных занятий время активно проводит видеоуроки в прямом эфире на своем YouTube- и Telegram-каналах. Онлайн-уроки набрали почти 50 тысяч часов просмотров на YouTube, стало больше и подписчиков на его каналы в соцсетях. Особенно онлайн-занятия пользуются повышенным интересом среди сельских выпускников.«Я начал проводить видеоуроки в социальных сетях для того, чтобы прежде всего помочь сельским ребятам бесплатно и эффективно подготовиться к ЕНТ, так как на селе зачастую нет возможности заниматься с репетиторами и посещать специальные подготовительные курсы. Самый длинный прямой эфир длился более 7 часов, за это время мы с ребятами решили 100 самых сложных задач по ЕНТ. Отрадно, что мои уроки смотрят школьники с разных регионов страны и они глубже познают химию. Среди моих учеников много ребят, которые поступили на гранты как в ведущие вузы страны, так и в зарубежные университеты», — рассказал учитель химии школы-лицея № 66 города Нур-Султан Нурбай Нурсапа.Посредством видеоуроков молодой учитель легко и доступно объясняет сложные формулы, проводит интересные химические эксперименты и помогает обучающимся решать различные задачи. Также педагог Нурбай Нурсапа готовит учащихся своей школы к олимпиадам по химии и гордится своими воспитанниками. Его ученики 8 раз становились призерами республиканской предметной олимпиады и завоевали золотые, серебряные, бронзовые медали.«Учитель Нурбай Нурсапа очень грамотный, профессиональный педагог. Раньше мой сын Амирбек Бакдаулет интересовался только спортивными соревнованиями, с тех пор как ему химию начал преподавать Нурбай Нурсапа у него появился интерес к естественнонаучному направлению. В результате в 9 классе мой сын завоевал серебряную медаль на республиканской олимпиаде по химии. Сейчас он готовится к очередной олимпиаде. Я рад за сына, что у него такой замечательный педагог и благодарю талантливого педагога за то, что он прививает детям любовь к знаниям», — отметил родитель Жанибек Устаев.Молодой учитель Нурбай Нурсапа не только готовит ребят к различным интеллектуалным соревнованиям, но и сам активно участвует в конкурсах среди педагогов и занимает призовые места. Он является победителем городских, республиканских, международных соревнований. Также педагог-новатор активно делится своим опытом с коллегами. Он разрабатывает учебно-методические пособия и проводит обучающие вебинары для учителей химии. Нурбай Нурсапа выпустил сборник задач по химии для участников интеллектуальных олимпиад.