Домой Uncategorized МАҚТААРАЛДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

МАҚТААРАЛДЫҚТАР ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ БОЛДЫ

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев пен Мақтаарал ауданының «Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері» қоғамдық ұйымы өкілдері Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «N2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де болып, мақтааралдық Николай Изебаевпен жүздесті. 54 жасқа келген Николай Изебаев Ауған жерінде 10 жылға созылған қанды шайқаста сан мәрте ерлік жасаған. Соғыстың салған жарасы бүгінде екі аяғын жансыздандырып, қоларбаға таңып қойған.Мақтааралдық ардагерлер қаруластарын Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуымен құттықтап, сый-сияпаттарын жасады.«Сонау кеңестік заманда бағыт-бағдары белгісіз қанды қырғын жылдарында көзсіз ерлік жасап, елге оралғаннан соң да кешегі Тәуелсіздіктің таңы арайлап атқан алғашқы күндерден бастап азат елдің шаңырағын көтерісіп, уығын бірге қадасқан ағаларымыздың еңбектерін естен шығармауымыз, өскелең ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Бүгінгі біздің келудегі мақсатымыз – ардагерлер үйінде жатқан ағамызды Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуымен құттықтап, қал-жағдайынан хабар алу. Жалғыз емес екендігін сезіндіру» дейді аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Сүндет Кенжебаев.Айта кетейік, бүгінде облыс аумағына келген 190-ға тарта қарияға 8 түрлі медициналық және әлеуметтік қызмет көрсететін аталмыш орталықта қарияларға барлық жағдай жасалып, күтімдері күшейтілген.