«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын батыл, ержүрек болуы керек» (Әл-Фараби) Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.А.Мақұлбекованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы әдістемелік кеңес өтті.Әдістемелік кеңестің мақсаты: «Білімді ұлт-сапалы білім» Ұлттық жобасын іске асыру, әдістемелік көмек беру, өзара тәжірибе алмасу.
Күтілетін нәтиже:1. Білімді ұлт-сапалы білім Ұлттық жобасы іске асады;2. Педагогтер өзара тәжірибе алмасады;3. Әдістемелік қызмет жүзеге асады;4. Педагогтер әдістемелік көмек, кәсіби қолдау алады.Кеңеске әдістемелік кабинет әдіскерлері, директорлардың оқу орынбасарлары қатысты.Әдістемелік кеңестің меңгерушісі А.Мақұлбекова 2021-2022 оқу жылының I- жартыжылдығында атқарған жұмыстарына және үлгерім сапасына талдау жасап, алға қойған мақсат міндеттермен таныстырды.Үштілділік бойынша физика, информатика, химия, биология пән мұғалімдерінің сабақты ағылшын тілінде өткізу барысы туралы –әдіскер Г.Дариева баяндама жасады. «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасының іске асырылуы туралы жаңалықтармен әдіскер М.Ерназарова таныстырды. «Оқытудың жаңа технологияларын, оқу мен оқытудағы тиімділігі мен ерекшеліктері» туралы С.Қожанов атындағы №9 жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бұқарбаев баяндама жасап, әдістемелік көмек берді. Денешынықтыру, АӘжТД пәндері бойынша жұмыс барысымен бөлім әдіскері Е.Омаров таныстырып өтті. 1-сыныптарда орыс тілін үйренуде кездесетін қиындықтар туралы әдіскер- Г.Кеншембаева түсінідірме жасап, әдістемелік көмек берді.Әдістемелік кеңесте II-жартыжылдықта оқу-тәрбие мен дарынды балалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары бойынша нақты ұсыныстар берілді.