Саралау әдістері сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушылардың жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс. Осы бағытты жүзеге асыруда Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі әдістемелік кабинет жоспарына сәйкес «Бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелік іс-әрекетінде саралау арқылы оқушы білімін бағалау жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарда №4 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің шығармашыл ұстаздары Г.Б.Булганбаева, Б.А.Турданова саралау сабақты жоспарлаудан басталатынына, ресурстардың ішінен ең қажеттісін, өзектісін, тиімдісін таңдап алып, оқушы әрекетін саралау, сол арқылы күтілетін нәтижеге бағыттау, оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастырып, тапсырмаларды саралап алу бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөліссе, У.У.Мербекова, У.Ж.Кулжабаева «Қазақ тілі», «Математика» пәндерінен саралау арқылы бағалауды практикалық түрде көрсетті. Келесі кезекте А.О.Козиева тәрбие үрдісінде бағалауды қолдану тәсілдерін көрсетіп, А.К.Қарауылбаева тәрбие сағатында оқушылардың өзара бағалауын практикалық түрде жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Семинардың қорытындысы Google форматта жүргізіліп, кері байланыс алынды.
Домой Uncategorized Бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелік іс-әрекетінде саралау арқылы оқушы білімін бағалау жолдары