Домой Uncategorized ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӨСІМДІК МАЙЫНАН БИООТЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӨСІМДІК МАЙЫНАН БИООТЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері өсімдік майынан биоотын жасап шығарды. Жас ғалымдар Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниеваның жобасы халықаралық конференцияда жүлделі орын алды. Жоба жетекшісі – ҚазҰПУ докторанты Гүлсара Ақанова. Ол экологиялық таза биоотын өндірудің бірегей технологиясын жасаумен бірнеше жыл бойы айналысып келеді.«Қазір көптеген елдер биоотынға көшіп жатыр. Шетелде негізінен қант қамысы, жүгері сияқты әртүрлі өсімдіктерден өндіреді. Біз биоотын алу бойынша өз технологиямызды ойлап таптық және жасадық. Жылдам тамақтану мейрамханаларында өсімдік майы көп мөлшерде пайдаланылады және тамақ пісіргеннен кейін ол жарамсыз болып қалады. Біз оны қайта өңдеуді ұсынамыз. Ол үшін өсімдік майын ұсақ қоспалардан тазартамыз, содан кейін сілтілі катализаторды және этил спиртін қосамыз. Осылайша биоотын аламыз», – дейді басшы Гүлсара Ақанова.Жас ғалымдардың жобасы бірқатар экологиялық және экономикалық мәселелерді шешеді. Биоотын экологиялық таза және тиімді, сонымен қатар арзан, қауіпсіз және тасымалдауға ыңғайлы.Пайдаланылған өсімдік майынан биоотын алу технологиясы жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында үздіктердің бірі деп танылды. Әзірге бұл – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттерінің алғашқы ғылыми жетістігі. Алдағы уақытта Назерке Халел мен Муниса Сайдиғаниева жобаларын жетілдіріп, стартап жобаларға қатысуды жоспарлап отыр.

КАЗАХСТАНСКИЕ СТУДЕНТЫ СОЗДАЛИ БИОТОПЛИВО ИЗ ИСПОЛЬЗОВАННОГО РАСТИТЕЛЬНОГО МАСЛА

Студенты Казахского национального женского педагогического университета создали биотопливо из растительного масла, которое остается после готовки пищи. Разработка молодых ученых Назерке Халел и Мунисы Сайдиганиевой получила призовое место на международной конференции. Руководитель проекта — докторант КазНацЖенПУ Гулсара Аканова. Она несколько лет посвятила разработке уникальной технологии получения экологичного биотоплива.«Сейчас многие страны переходят на биотопливо. За рубежом в основном его производят из различных растений: сахарного тростника, кукурузы. Мы разработали свою технологию получения биотоплива. В крупных ресторанах быстрого питания в больших объемах используют растительное масло и после готовки оно остается непригодным. Мы предлагаем переработать его. Для этого растительное масло очищаем от мельчайших примесей, затем добавляем щелочной катализатор и этиловый спирт. Таким образом, мы получаем биотопливо», — рассказала руководитель Гулсара Аканова.Проект молодых ученых решает ряд экологических и экономических вопросов. Биотопливо безвредно для окружающей среды и является эффективным, дешевым, безопасным, в то же время удобным при транспортировке продуктом.Технология получения биотоплива из использованного растительного масла была признана одной из лучших на международной конференции молодых ученых и студентов «Фараби әлемі». Пока это первое научное достижение студентов Казахского национального женского педагогического университета. В будущем Назерке Халел и Муниса Сайдиганиева планируют усовершенствовать свой проект и участвовать в start-up проектах.