Бүгін Сауран ауданы, Шорнақ ауылында ҚМДБ Түркістан облысы, Түркістан қаласы «Зекет және қайырымдылық» қоры аясында «Ел үлесі — пәтерге» атты қайырымдылық акциясы өтті.
Аталған шараның 535-ші баспанасы Шорнақ ауылындағы қари Хусей Абдуррашидке табысталды.
Қаламыздың бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы игі іске үлес қосқан «Гранд Микс» жиһаз цехының директоры Исхаков Сабыржанды және ұжымды қайырымды іске қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жақсылыққа ұйытқы болған қайырымдылық шарасының соңында бас имам барша қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, Хусей Абдуррашидке баспана кілтін табыстады.