Домой Мәдениет ЖӘДІГЕР БОЛҒАН — ШЕЖІРЕ

ЖӘДІГЕР БОЛҒАН — ШЕЖІРЕ

Бүгін «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Қадырұлының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың жиені болып табылатын Жүсіп ата шежіресін сақтап келген Сейдалым Юлдашов ағамыздың шаңырағына барған сәтімізде, ол бізді өзінің қолында сақталған көне құнды мұрасымен таныстырды.

Сейдазым аға осы күнге дейін көзінің қарашығындай қорғаған жәдігерді өз үйінде сақтап келгендігін айтады. Тарихи шежірені өз көзімен көру үшін, мекеме басшысы Нұрболат Қадырұлы, ғылыми — зерттеу бөлімінің меңгерушісі Берік Қыстаубайұлы мен Түркістан қалалық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Үмбетұлы мен Ғалымжан Батырханұлы да ат басын бұрды. Көненің көзіндей сақталған бұл жәдігер де тарихи құнды мұраларымыздың бірі болмақ.