Түркістан облысындағы «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның
ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы
даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру
мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу
Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы
аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылуы өтті.
Көрмеге Түркістан облысының ұлы тұлғалары — Әбу Нәсір әл-Фараби, ақын
Майлықожа Сұлтанқожаұлы, күйші Сүгір Әліұлы, ән падишасы Шәмші
Қалдаяқов, мәдениет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтерге
қатысты түпнұсқа жәдігерлер мен Отырар қалажұртынан табылған
археологиялық, нумизматикалық артефактілер және Арыстанбаб
кесене-мешітінде 1930 жылдарға дейін болған мұсылман кітапханасының
кітаптары, жалпы саны 62 дана жәдігер қойылды.
Іс-шараға Қармақшы
аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері, өлкетанушылар, зиялы қауым
өкілдері, оқушылар, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.