Абай Құнанбайұлының 176 жылдық мерейтойына орай, Сауран ауданының мәдениет үйінде «Әлемге танылған ұлы Абай» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кешке кітапхана оқырмандары, Сауран аудандық аппарат басшысы Құдияров Дәулет Асылханұлы, Түркістан облыстық Фараб кітапханасының басшысы Шардарбекова Жанат, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысының м.а. Талғат Жанәділов, Қ.Рысбеков атындағы мектеп интернаттың директоры Шүкірбаев Әмірхан Мызашұлы, Шорнақ ауылдық мектеп мектеп директоры Сапорова Гүлназ Мұратқызы, «Асыл қазына» әжелер алқасының төрайымы Жұманова Нышанкул Абылайқызы, қоғам белсендісі Ибадуллаева Гульнара Устемировна, Бекмурзаев Жұмағали Ондыбайұлы қатысты.
Әдеби-сазды кештің шымылдығын ашып, құттықтау сөз сөйлеген Дәулет Құдияров: «Абай өлеңдері — адамның қиналған, мұңайған, сүрінген, сан сауалға жауап таппай қиналған сәттерінде тура жолды нұсқайтын рухани компос. 10 тамыз «Абай күні» деп бекітілгені белігілі. Әр қазақ үшін әр күн Абай күні болуы керек. Себебі Абай шығармаларын оқу арқылы қазақ философиясын, қазақ дүниетамын жаңа қырынан танып, ұлы ойшылдың дана ойларынан бойға қуат аламыз», — деді.
Шарада аудан жастары Абай өлеңдерін оқып, Абай әндерін шырқады. Мазмұнды кеште Абай образындағы көркемсөз оқу шебері ұлы ақынның қарасөздерін оқыды. Абай бейнесіне енген көркемсөз оқу шебері өзінің қарасөз оқу мәнерімен де, өз образымен де көрермендердің көзайымына айналды.
Шараның тағы бір ерекшелігі 7 жастағы Қаныбек Бауыржанның «Ескендір» поэмасынан үзінді оқығаны болды. Жас бүлдіршіннің Абай поэмасын жаңылмай, нақышына келтіріп оқығаны көрермендерді қуантты.