Домой Мәдениет ТҮРКІСТАН: КЕСТЕ ТІККЕН КЕЛІНДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ

ТҮРКІСТАН: КЕСТЕ ТІККЕН КЕЛІНДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ДӘРІПТЕДІ

Қай заманда да қыз тәрбиесіне ерекше мән берген аналарымыз қызына кесте тіктіріп, әсемдік пен әдемілікке, шыдамдылық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеген. Қызының тіккен кестесінің көркемдігіне қарап, шеберлігі мен ісмерлігіне баға берген.Осыған орай Арыс қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Кесте тіккен келіндер» атты сайыс болып өтті. Мақсаты қазақ келіндерінің ісмерлігін арттырып, қолөнерді дамытып, ұмыт болып бара жатқан кесте тігу өнерін заманға сай жаңғырту. Сайысқа іріетеуден өткен 6 келін қатысты. Әр үміткердің кесте тоқу шеберлігіне баса назар аударылып, қатысушылар арасында дара озып келген мына төмендегі үміткерлер жүлделі орындарға ие болды.Бас жүлде – Ұ.Агнозова «Алтынтұмар» б/бІ орын – Э.Мырзахметова /«Алтын балапан» б/бІІ орын – З. Әбенова Зауре /«Айгөлек» б/бІІ орын – А.Шекербек /«Лидер» б/бІІІ орын – А.Әліпбекова /«Балдырған» б/бІІІ орын – С.Бескімпір / «Бал әлем» б/б/Байқауда жүлделі орындар алған жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.