Сауран ауданының ішкі саясат бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 10 қазан — мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай, аудандағы 12 ауыл округтерінен мүмкіндігі шектеулі балаларды ата- аналарымен қоса аудан аумағында орналасқан киелі жерлерді аралатты. Саяхат аясында балалар Шорнақ ауылында орналасқан Сидақ ата қалашығы және Сауран қалашығына барып, тарихымен танысты.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары С.Садибаев қатысып,балаларға ізгі тілектерін арнады.
Балаларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мерекелік сый-сияпат жасаса, жаңадан сайланған Шорнақ, Майдантал ауылдық округінің әкімдері Сауран қалашығында дастархан жайып, қайырымдылық іс жасады.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өнерпаздары әннен шашу шашты.
Қайырымдылық- ұлы іс екендігін өзіне ұстаным еткен жаңадан сайланған Майдантал ауылдық округінің әкімі Досболов Жандос Мұратұлы және Шорнақ ауылдық округінің әкімі Баймұратов Бердалы Әшірбекұлына алдағы жұмысына табыс тілейміз!