Түркістан облысының әкімі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірлескен жобаларды талқылады.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» тобының портфельдік компаниялары газдандыру, электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласында бірқатар жобаларды іске асыруда. Сондай-ақ, әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Алдағы бірлескен бастамалар арасында инклюзияны қолдау ресурстық кабинетін жабдықтау, көпфункционалды спорт кешендерін салу, «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу және басқа да бірқатар жобалар талқыланды.
Өңір басшысының айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры Түркістандағы бірнеше маңызды әлеуметтік-маңызды нысандардың құрылысын қамтамасыз етті. «Еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында қор еліміздің рухани астанасының дамуына үлкен үлес қосты», — деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Самұрық-Қазына» қоры бес әлеуметтік маңызды нысанды облыс әкімдігіне тегін берген болатын: Х.А. Яссауи мұражайы, 7000 орындық стадион, оқушылар сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта»АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.