Домой Мәдениет «ДОМБЫРА – РУХАНИ ҚАЗЫНАМЫЗ!» АТТЫ ӘДЕБИ – САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

«ДОМБЫРА – РУХАНИ ҚАЗЫНАМЫЗ!» АТТЫ ӘДЕБИ – САЗДЫ КЕШ ӨТТІ

Қазақтың ежелден келе жатқан, тіршілігімен тығыз байланысты үш дүние бар. Олар – киіз үй, ер тоқым және домбыра. Киіз үй баспана ретінде бағаланса, «Ерттеулі ат ер жігіттің қанаты», яғни ер тоқым сол қанатқа қажет бұйым. Ал домбыраның жөні ерекше. Ол – қазақ халқының рухани байлығының кілті.
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра» — демекші, домбыраның қазақ ұлтының сан-салалы, қым-қиғаштары, шұғыл бұрылыстары мемлекет тарихындағы алатын орны бөлек.
Осыған орай, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығы бойынша шілде айының алғшқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып бекітілуіне байланысты 5-ШІЛДЕ Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Домбыра – рухани байлығымыз!» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.
Шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы аудан әкімінің атынан мерекемен құттықтап, домбыраның қасиеті жайында тілге тиек етіп өтті.
Және де іс-шарада елімізге белгілі Қ.Сағырбайұлының, Д.Нұрпейісованың күйлері нақышына келтіріліп орындалды.