Домой Мәдениет «АҚ КЕРБЕЗ» хореография ұжымы бас жүлде иегері атанды

«АҚ КЕРБЕЗ» хореография ұжымы бас жүлде иегері атанды

Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Фестиваль-байқауды Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-ның бөлім меңгерушісі Нығметова Клара Қанбетқызы салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Мақсат — білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту. Фестиваль-байқауға орта және қосымша білім беру ұйымдарының би ұжымдары – аудандық, қалалық хореографиялық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізілді: 1) халық биі және халықтық стильдегі би: а) әлем халықтарының билері; б) қазақ биі; 2) заманауи би; а) эстрадалық би; б) аралас би. Қорытынды нәтижесінде Сайрам ауданынан келген «Ақ кербез» хореография ұжымы Бас жүлде иегері атанып, республикалық байқауға жолдама алды.