Домой Қоғам Жаңа стадиондағы жарқын кездесу

Жаңа стадиондағы жарқын кездесу


Елбасының «Екі-үш жылдың ішінде Түркістан жайнап, басқа қала болып, еңсесі көтеріліп, бәріміздің қуаны¬шы¬мызға өсіп-өркендейтін болады» деген сөзі ақиқатқа айналып келеді. Киелі қалада құрылыс қарқын алып, ел мақтанышына айналатын іргелі нысандар бой көтеріп жатыр. Соның бірі «Түркістан Арена» стадионы. Жалпы нысан жайлы айтатын болсақ, жер учаскесінің жалпы ауданы — 8,3 га құрайды, 7000 орын, алаңның жалпы ауданы – 15 660 м2, оның ішінде: Футбол алаңы — 7 856 м2; Жүгіру жолдары — 7 804 м2.

Бүгін аталған нысанға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатымен, «Nur Otan» Түркістан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тәжібек Мұсаев, Мақсат Таңғатаров, Дарын Жаппарқұлов, Нұрсұлтан Жүсіпбаев, Ғаппар Сәрсенбаев, Ғалымжан Құдияров кездесу өткізді.

Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. «Nur Otan» партиясы қаланың спорттық инфрақұрылымын кеңейтуді мақсат етіп отыр. 2025 жылы халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 65 пайызға жеткіземіз. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:  2021 жылда 7 мың орынға арналған стадион кешенінің, сондай-ақ дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатының құрылысын аяқтауға;  2022 жылы олимпиада резервін дайындайтын балалалар мен жөсөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің құрылысын аяқтауға;  2021 жылы жүзу бассейнін, гимнастика кешенін, теннис орталығын салуға,  ұлттық спортты дамытуға (жылына 240 әртүрлі іс-шаралар өткізуге. Ұлттық спорт түрлерінен, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, бокс, футбол, волейбол, 15 баскетбол, дойбы, суда жүзу, еркін күрес, дзюдо, таэквандо), спортпен шұғылданушылар санын 30 пайызға жеткізуге;  Жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдықтехникалық базасын нығайтуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі 65%-ға жетеді деп күтілуде.

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді