Облыс аумағында су тапшылығын жоюға бағытталған ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.Түркістан облысы шөлейтті аумақта орналасқандықтан қаланың микроклиматын тұрақтандыру үшін қала көшелерін суландыру жүйесі іске қосылды.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев біршама жобаларды қолға алып, Түркістан облысын кепілді ауыз сумен қамтамасыз ететіндігіне сенімді. Жобалардың ішінде «Түркістан магистралды каналында күрделі жөндеу», «Кеңсай – Қосқорған-2» су қоймасын салу, «Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту» сияқты жоспарлар бар. Сонымен қатар, «Сырдария өзенінен машиналық арна салу» және «Сарқырама» су қоймасын салу жобалары қолға алынып жатыр.2025 жылдың соңына дейін Түркістан шаһары толық абаттандырылады.
Ағын суды үнемдеу үшін «ақылды технологиялар» пайдаланылады. Сондай- ақ, агросаланың алаңы еселеніп, егіс алқаптарын суландыру мәселесі шешімін табуда.