Домой Қоғам Түркістан: Полиция қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Түркістан: Полиция қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады


Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда жәбірленуші дүкеніне түнде бейтаныс адамның терезені сындырып кіріп, кассадағы 60 000 теңгені алып кеткендігін айтады.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Бұл іс бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау мақсатында жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде күдікті ер азамат Қазығұрт ауданынан ұсталды. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында анықталғандай, азамат бұрын ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша сотты болған. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда күдіктінің басқа қылмысқа қатысы бар жоқтығы тексерілуде. Ұсталған азаматтың бас шарасы қамауда.
Түркістан облысы полицейлері түрлі ұрлықтардың алдын алу мақсатында сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Ұрлық жайты орын алған кезде, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.