Домой Қоғам Түркістан: Магистратураға түсуге арналған тестілеу барысы жіті бақыланды

Түркістан: Магистратураға түсуге арналған тестілеу барысы жіті бақыланды

Ағымдағы жылдың 17-31 тамыз күндері Түркістан өңірінде Магистратураға үміт білдіргендер арасында тестілеу кезеңі өтті.

UStudy.kz тест өткізу орталығында өтініш білдірген 678 үміткердің 613-і қатысып, 65-і әртүрлі себептермен тестілеуге келмеген.

Кешенді тестілеу барысында тәртіптік заңбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын болдырмау мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері бақылаушы маман ретінде қатысып, тестілеудің әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етті.

Нәтижесінде, 1 үміткердің тыйым салынған зат қолданғаны анықталып, сәйкесінше акт толтырылып, тесттен шеттетілді.

Одан бөлек, тест барысында адамдардың шоғырлануы және жоғары температурамен тіркелгендер болмады.