Домой Қоғам Төлебиде «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы жалғасуда

Төлебиде «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы жалғасуда

«Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Омаров, Т.Тастанов және Б.Тұрлыбеков «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы аясында Киелітас ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Акция барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, онда кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ондағы негізгі ережелері – еңбек ақыны көбейту, мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатын жалғастыратын тілге тиек етіп, Төлеби ауданы – барлық тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінетін аймақ екендігіне тоқталды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
Ленгер қаласында 8 бейнебақылау камераларын (бүгінгі таңда 11 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді) орнатуға;
2021 жылы Киелітас ауылдық округі Ақайдар, 2022 жылы Алатау ауылдық округі Жаңатұрмыс, 2023 жылы Бірінші Мамыр ауылдық округі Бейнеткеш, Зағамбар, Алғабас және Тасарық ауылдық округінің Оңтүстік, Ханарық елді мекендерді жарықтандыру жүйелерін толықтай жарық диодты шамдармен алмастырып, жарықтандыру жүйелерін орнатуға;
«Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» профилактикалық шараларды өткізуге; тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға ықпал етеді; жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шаралардың жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстайды; қоғамдық көмекшілер санын 100 адамға дейін көбейтуге; ішкі істер қызметкерлерін қазіргі заманауи құралдарымен жабдықтауға; өрт сөндіру бөлімдерін заманауи өрт техникаларымен жабдықтауға; өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге; ғылыми-сарапшы мамандарды тарта отырып, өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер ететін факторларды анықтау, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен негіздемелер әзірлеуге; Төлеби ауданында көктемгі жауын-шашын және жер асты су көтерілуі салдарынан тұрғын үйлерге су басу қауіпі туындайды. Осыған байланысты елді мекендерде ішкі көшелердің бойынан су ағып кететін арық-атыздар жүйесін қалпына келтіруге ықпал етеді. Үміткерлер акция аясында жолыққан әрбір тұрғынды сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі бірінші орында. Тұрғындардың ұсыныстарын саралап, осы мәселелерді шешу жолында әрекет етуге дайын екендіктерін жеткізді. «Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды» деді кандидаттар.


.«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді