Бүгін Наурызнаманың төртінші күні — Шаңырақ күні қарсаңында Түркістан қаласында Неке қию рәсімі өтті.Түркістан қаласындағы Неке сарайында жас жұбайлар шаңырақ көтеріп, некеге тұрды. Олардың ішінде өзге ұлт өкілдері де бар.
Түркістан қаласы Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң мамандары салтанатты шараға куә болса, ал Түркістан қаласы әжелер алқасының мүшелері жас отбасыларға батасын берді. Жанұя құндылығын дәріптеуге бағытталған іс-шарада 50 және 25 жыл отасқан жұптар жастарға өз кеңестерін айтты.