Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ТҰРМЫСТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСУДІ КӨЗДЕЙДІ

ТҮРКІСТАН: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ ТҰРМЫСТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСУДІ КӨЗДЕЙДІ

Бүгін Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келген Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасанов, ең алдымен қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында болып, «Ашық әкімдік» жүйесі аясында заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылған    орталықтың  мүмкіншіліктерімен танысты. 
Киелі шаһарда алғаш рет қолға алынған бейнебақылау жүйесінің жұмыс барысына бақылау жүргізген  жобалық кеңсе жетекшісі 109-Бірыңғай байланыс орталығында орналасқан жаңа жүйенің маңыздылығын алға тартып, бұл жаңашылдықтар орталық жұмысында орын алатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және оны болдырмауға тікелей ықпал ететінін жеткізді. 
Шара барысында қабылдау бөліміне дауыс жазу құралымен қойылған 18 бейнекамера мен  сигналды құрылғымен қамтылған 3 камераның ашықтық қағидатын қалыптастырудағы  мүмкіншіліктері ортаға салынды.  
Мұнда орталыққа келуші санын санау, бір жерде көп шоғырланған адамдарды іздеу, ұмытылған заттарды табу аналитикасы мен кезек және саботаж детекторы (егерде орнатылған камеранының шолуын өшірсе телеграм-ботқа хабарлама келеді), сондай-ақ  қызметкерлердің жұмыс тиімділігін санау аналитикалары қарастырылған.  
Сондай-ақ, заманауи бейнебақылау жүйесі арқылы қызмет алушы (қызмет алушы рұқсатымен) мен қызмет беруші арасындағы сұқбат онлайн режимде http://www.turkistan2020.kz сайтында жүргізілетініне көз жеткізген Рафаэль Гасанов бақылау жұмыстары барысында орталық жұмысындағы жаңашылдықтарға оң бағасын беріп, бұл үрдіс облысқа қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалғасын табуы тиіс екенін атап өтті.