Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ТІЛ — ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚ КӨПІРІ

ТҮРКІСТАН: ТІЛ — ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚ КӨПІРІ

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті. Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – достық пен ынтымақтастықтың көпірі атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысып, көпшілікті айтулы күнмен құттықтады. «Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Елі үшін еңбегін арнаған асыл азаматтың осы айтқаны қазір де күшін жойған жоқ. Бұл мереке ағартушы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай белгіленгені баршаңызға мәлім. Ұлы тұлғаның «Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен, әдебиет тілін өркендету керек…» деген сөзі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Жалпы облысымызда 17 аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға атсалысып келеді. Онда 22 әдіскер, 33 қазақ тілі, 20 орыс тілі, 27 ағылшын тілі маманы жұмыс істейді», – деді басқарма басшысы. Мерекелік іс-шарада көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар облыстағы тілдерді оқыту орталықтары арасында ұйымдастырылған «Үздік орталық-2024» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау жүлдегерлеріне арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Айта кетейік, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының өткен шараның мақсаты қазақ тілін ұлттар арасында дамыту мен насихаттауға, көпұлтты мемлекеттіміздің тұтастығы мен ынтымақтастығын нығайтуға және қазақ мәдениетін дәріптеуге бағытталған.
Сондай-ақ, Сайрам ауданында «Мемлекеттік тіл— Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты іс-шара өтті. Жиын барысында аудандық Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйіндегі жиында алдымен Тілдерді оқыту және жекеменшік «Лидер», «GES» оқыту орталықтарының көрмесі қойылды. Сондай-ақ «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің тыныс-тіршілігі бейнеленген бейнетаспа көрермен назарына жол тарты. Қазақстандағы Тілдер мерекесі — елдің мәдени және тілдік әралуандығын ардақтау мен нығайтуға арналған ерекше мейрам. Маңызды мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі. Мерекелік шараға Сайрам ауданының Құрметті азаматтары мен тіл жанашырлары қатысып, шараға жиналған баршаны айтулы күнмен құттықтады. Жиын соңында тіл саласына елеулі еңбек сіңірген тұлғалар марапатталып, мерекелік бағдарлама тіл мен рух, отаншылдық бағытындағы әсем әндермен жалғасты.