Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРДЫҢ САПАСНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРДЫҢ САПАСНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Сапалы жол» жобасы аясында Төлеби ауданына қарасты автомобиль жолдарға кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жолдарды төсеу және жөндеу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу.
Жол сапасын сараптау мақсатында жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің аға офицері А.Талғатұлы, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Е.Әдиат, облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» зертхана меңгерушісі Д.Кешубаев, сондай-ақ жауапты мердігер компанияның басшылары мен БАҚ өкілдері қатысып, аудандағы Көксәйек кентіне және Ленгір қаласына қарасты көшелерге төселген жолдардың сапасына мониторинг жүргізді.
Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстары барысында жол құрылысының талаптары тексеріліп, жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы көшелеріне салынған асфальт бетон жамылғыларынан кесінділер алынды.
Зерделеу барысында жол төселімінде кемшіліктер анықталмады.
Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына бақылау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілетін болады.