Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ШАРУАЛАР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА АЛМАҒАН ЖЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРУАЛАР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА АЛМАҒАН ЖЕРЛЕРІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРДЫ

Бүгінгі таңға дейін Түркістан облысы Келес ауданында игермей жатқан 214 га жердің иелері өз еркімен нотариалды түрде жерлерін ауданның арнайы жер қорына қайтарды. Қазіргі уақыттағы жағдай бойынша құрылған жұмысшы топтың зерделеу жұмыстарының нәтижесінде тағы 27 га жер игерілмей жатқандығы анықталып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгінгі өткен лездемелік жиында аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Жылқыбаев мәлімдеді. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен лездемелік жиынның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселенің бірі ауданда салық саласында атқарылған жұмыстар талқыланып, Келес аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Н.Исмайлов толыққанды ақпарат ұсынды. Келтірілген мәліметтерге сүйенсек тұрғындардың өткен жылдан қалған мүлік, көлік салықтары әлі күнге дейін толық төленбегенін аңғаруға болады. Өз кезегінде аудан әкімі тиісті сала басшыларына жұмыстарды атқаруға тапсырма жүктеп, жоспарды орындамаған мекеменің бірінші басшыларына қатаң шара көріп, жауапкершілігі қараларын жеткізді. Өз сөзінде басқарма басшысының орынбасары Н.Исмайлов ауыл әкімдерінен бүгінгі таңдағы мүмкіндікті, яғни онлайн каспий қосымшасы тағы сол сияқты ақпараттық қосымшалар арқылы салық берешегін тұрғындар оңай төлей алатыны бойынша да түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алса деген ұсынысын білдірді. Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша Абай ауылының әкімі Е.Абдирахманов ауыл аумағындағы өзекті мәселелерді ортаға салды. Ауыл әкімінің мәліметінше Құрылыс және Арал мөлтек аудандарындағы электр бағаналары мен сымдары ескіргені, мәселе бойынша аталған объектілердің құжаттары жасалғанын айтып, аудан әкімінен қаржы бөлдіруді сұранды. Өз кезегінде аудан басшысы сала басшысына көтерілген мәселенің өзектілігіне тоқталып, қажетті қаржыны бөлу бойынша тапсырма берді.