Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖАСЫ 100-ДЕН АСҚАН АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖАСЫ 100-ДЕН АСҚАН АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында жасы 100-ге жеткен және 100-ден асқан 2 ғана кейуанамыз бар. Талай ұрпақ өсіріп, еңбегінің зейнетін көріп отырған шақта еліне игілік пен ізгіліктің, пайым мен парасаттың үлгісін танытып отырған еңбек ардагерлерін көктемнің жайма шуақ мерекесімен құттықтау үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Айсулу Бекназарова арнайы барды. Жасы 100-ден асқан кейуаналарымыздың бірі — Алтын Абилдаева. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жалын ауылында тұратын қарт ана бүгінде 2 баласынан 12 немере, 33 шөбере, 8 шөпшек сүйіп отыр. Сонымен қатар, Атакент кентінде тұратын 105 жастағы кейуанамыз Азия Сердалиева 8 ұл-қызынан 37 немере, 118 шөбере, 30 шөпшек таратып, ұрпағымен мың жасап отыр. «Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге. Сіздер өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздердің ерен еңбектеріңізге, шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыз білдіреміз. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, ет жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі, мақтаныш сезімі арта берсін!» — деді ізгі тілегін арнаған Айсұлу Ешанкуловна.Айта кетейік, мемлекет тарапынан қарттарға ұдайы қамқорлық көрсетілуде. Аудан әкімдігі тарапынан зейнеткерлерімізге барынша қолдау білдіріп, әлеуметтік жағынан қорғалуына баса назар аударылуда. Аудан әкімі Бақыт Асановтың тікелей қадағалауымен ауданымызда ардагерлердің материалдық-тұрмыстық жағдайын жақсартуға, денсаулықтарын нығайтуына жан-жақты көңіл бөлініп келеді.