Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ №2 ХҚКО-да ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ №2 ХҚКО-да ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанындағы Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының хаттамалық тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың 14-мамыр күні «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік коорпорациясы» КЕ АҚ-ның Түркістан қаласы бойынша №2 филиалында департамент қызметкерлері мен қала әкімдігінің бірлескен қоғамдық қабылдау өтті.
Қоғамдық қабылдауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлері, қоғам белсенділері және қала әкімі аппараты, түркістан қаласының халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер қатысты.
Қабылдау барысында қала тұрғындарының мемлекеттен тұрғын үй алу, жер құжаттарын заңдастыру, әлеуметтік көмектерді алу бойынша өзекті сауалдарына жауаптар беріліп, бағыт-бағдар көрсетілді.