Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: КӨПІРЛЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ТҮРКІСТАН: КӨПІРЛЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды тарқатып айтар болсақ. Бірлік елді мекенінде қолданыстағы жалғыз автокөлік көпірі бар. Осы уақытқа дейін, көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тек тұрғындар тарапынан уақытша техникалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп келген. Ағымдағы жылы, Бірлік елді мекеніндегі «Арыс-Түркістан» каналындағы автомобиль көпірінің құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Бұдан бөлек, теміржол бойында жаяу жүргіншілер көпірін салу жоспарланған. Қазіргі таңда қала аумағындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында аталған аймақ толық қоршалғандықтан, мұнда 2 жаяу жүргіншілер көпірін салу қажеттілігі туындап отыр. Олар Бекзат және Шавгар мөлтек ауданы тұрғындарының, оқушылардың мектеп пен балабақшаларға темір жолдан қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге аспақ. Қазіргі таңда аталған жоба бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірленуде.

2021 жылдың ақпан-наурыз айларынан бастап қала көлемінде (№14, 15, 18) бағыттары ашылып, тасымалдаушы «ТехПрофАвто» ЖШС-і жаңа ISUZU маркалы сыйымдылығы 53 адамға арналған, 30 дана жаңа автобустар қызмет көрсетіп келеді. Жуырда бұл мекеме тағы да жаңа 20 автобус алып, №16, 17 бағыттарын жүзеге асыруды жоспарлауда. Сонымен қатар, қазіргі таңда қаламыздағы рухани мәдени орталықтағы құрылыс жұмыстарынының аяқталып, пайдалануға берілуіне байланысты осы жаңа бағыттарды сол аймаққа жүргізу көзделіп отыр.