Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ КӨПШІЛІККЕ БАУЫРСАҚ ПЕН БӘЛІШ ҮЛЕСТІРДІ

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛІ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ КӨПШІЛІККЕ БАУЫРСАҚ ПЕН БӘЛІШ ҮЛЕСТІРДІ

Бүгін еліміздің барлық аумағында саяси науқан өтуде. Бұл маңызды күнде Кентау қаласының тұрғындары да белсенділік танытуда. Қаладағы №46 сайлау учаскесінде Галина Фёдорова қызымен бірге келіп, таңдауын жасады. Ұлттық киіммен келген этнос өкілі өз қолымен дайындаған бауырсақ, бәліштерін көпшілікке үлестірді. Сондай-ақ, елдің ертеңіне үлкен сеніммен қарайтын тұрғындар бұл күнді үлкен мерекеге теңейді.– Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл күн мереке болғандықтан сәнді киім киіп келдім. Елімізде тыныштық болсын деп тілеймін, — дейді Галина Александрқызы.Айта кетейік, Жалпы Кентау қаласы бойынша 35 сайлау учаскелері 55 932 сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінің барлығы қажетті материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз етілген. Бүгін қаладағы барлық қоғамдық көліктер таңғы сағат 07:00-ден бастап тегін қызмет көрсетуде. Сайлау учаскелерінде алғаш рет дауыс беруге қатысқан жастарға сыйлықтар берілсе, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында «Ынтымақ» алаңында концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ азық-түлік жәрменкесі өткізілуде.