Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР БАСШЫСЫ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев «El Umiti» бастамасымен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған оқушыларды қабылдады.Аталған жобаның мақсаты — әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау.Ауданымыздың білімпаз жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде 3 оқушы жүлделі қола медаль иегері атанды. №57 «Ә.Жангелдин» жом 10 сынып оқушысы Байтен Әлпия, №25 «С.Сейфуллин» жом 9 сынып оқушысы Абдигани Жанар, №42 «Ақжар» жом 9 сынып оқушысы Санай Әсемді және тәрбие орынбасарларын марапаттады.Республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, ауданымыздың даңқын шығарған Сіздерге, және ауданымыздың бiлiм беру жүйесiн дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусiз үлес қосқан ұстаздарға ерекше алғысымды бiлдiремін.- деді аудан әкімі.Жиын соңында өңір басшысы жүлделі орын иеленген оқушыларды арнайы медальмен марапаттап, өз атынан алғыс хат табыстады.