Домой Қоғам ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕРДІҢ ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМҒА ШЫҚПАУЫ — ҚАТАҢ БАҚЫЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕРДІҢ ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМҒА ШЫҚПАУЫ — ҚАТАҢ БАҚЫЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТЕРДІҢ ЗАҢСЫЗ САТЫЛЫМҒА ШЫҚПАУЫ — ҚАТАҢ БАҚЫЛАНУДА

Бүгін Түркістан облысына Түркия және Польша мемлекеттерінен гуманитарлық көмек, соның ішінде өңірімізге Түркия елінен 58 дана қауіпті індетке қарсы емдік дәрі – «Фавипиравир», 14 650 дана үшқабатты және 1050 дана медициналық бетперде мен Польша елінің «Sun Farm» компаниясынан қажеттілігі жоғары 503 дана «Демезон» (дексаметазон) және 150 дана «Мепрелон» (метилпреднизолон) дәрілік заттары гуманитарлық көмек ретінде келді.

 Осыған орай, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары  Мирас Қарғабай мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, сондай-ақ  Арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесіп,  аталмыш дәрілік заттар мен медициналық қорғаныс құралдарының облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына толық орналастырылуын бақылады.    

Мониторинг барысында Департамент жанынан құрылған жұмысшы топ өкілдері барлық келіп жеткен медициналық көмекке «ТЕГІН» деп көрсетілген арнайы белгілерді қойып, гуманитарлық көмектің заңсыз сатылымға шықпауын қадағалады.

Қос елден келген медициналық заттар жақын күндері Түркістан өңіріне қарасты барлық қала/аудандарда орналасқан мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеткізіліп, қала/аудандардағы жергілікті «Адалдық алаңының» менеджерлері толық тасымалдануын жіті бақылайтын болады.
Және әр күн сайын Түркістан өңіріне шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмек пен дәріханалардағы баға тұрақтылығына Департамент тарапынан мониторинг жұмыстары тұрақты негізде өз жалғасын табатын болады.