Домой Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАН: ҚАЛАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ.

ТҮРКІСТАН: ҚАЛАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ.

Түркістанды толығымен табиғи газбен қамту жұмыстарын 2020 жылға аяқтау жоспарланған. Межеленген уақыт жақындаған сайын құрылыс жұмыстары қарқын алуда.
Түркістан қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 42918-ден астам қала тұрғынына табиғи газ берілді, жалпы қала халқын газдандыру көрсеткіші 26,4% құрап отыр.
Биылғы жылы қаланың қалған аумағын газбен қамту мақсатындағы ІІ-ІІІ кезең бойынша 11 жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүруде. Екінші кезеңнің магистралды газ құбыры қаланың РМЗ аумағынан Шығыс қақпаға дейінгі аралықта, ал ІІІ кезең Отырар мөлтек ауданынан басталып, Батыс-Қытай-Батыс-Еуропа автомагистралының бойымен Жарылқапов көшесінің бойына дейінгі аралықты қамтиды. Сонымен қатар ІІ кезеңнің ішкі жүйелерге (көшлерге) газ құбырларын жүргізу жұмыстары Шавгар, Ортақ тұрғын үй массиві және Отырар мөлтек ауданы, Ерубаев көшесінің бойымен Темір жол вокзалы, Рем Зауыт, Шипа су, Бірлік, Тұран мөлтек аудандарында жүріп жатыр. Ал ІІІ кезең бойынша ХҚТУ-нің аумағы, Ыштихат тұрғын үй массиві, Бекзат мөлтек ауданы, Мақта зауыт аумағында ішкі жүйелерге құбырлар тартылуда. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде 20 мыңнан астам абонентке газ жүргізіліп, биылғы жылы қаланы 58 пайыз газбен қамту жоспарланып отыр. Ал, 2020 жылы қала 100% табиғи газбен қамтылатын болады.
Жалпы қаланы табиғи газбен қамтудың құрылыс жұмыстарында негізгі магистралды жұмыстарына полиэтиленді және темір құбырлар пайдалануда. Жұмыстың ауқымдылығына қарай «Отау строй», «Баянды Құрылыс», «Тур Ахмет и компания», «AKBARS STORY ltd», «Энергоресурс», «Ақ Нур-строй», «Комби строй-I» сынды мердігер мекемелер қаланың әр аумағында жұмыстар жүргізуде.