Домой Қоғам «NurOtan»: Қаланы жайлы ғана емес қауіпсіз ету қажет

«NurOtan»: Қаланы жайлы ғана емес қауіпсіз ету қажет

Сайлауалды бағдарламаны кеңінен насихаттау мақсатында ZOOM платформасына сәйкес, «Көкжиек» күзет қызметкерлеріне арналған мәжіліс өтті. Онлайн форматта өткен жиында бас партияның бастамалары аясында сөз болып, ел тыныштығын күзетіп жүрген сала мамандарына жан-жақты сайлауалды бағдарлама түсіндірілді. Сонымен қатар, Түркістан қаласы барлық тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы қажет. Соңғы үш жылда қалада қылмыс деңгейі төмендегені байқалады. Бейнебақылау жүйесін дамыту, қала көшелерін жарықтандыру, қылмыспен тиімді күрес, жұмыссыздықты төмендетуге жәрдемдесу арқылы адамдар өздерін одан әрі қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс.«Қауіпсіз қала» жобасының алғашқы қадамы ретінде қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200 бейнекамералар орнатылды. Партияның міндеті – қаланы тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету сөз болды.

Түркістан қаласы барлық тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы қажет. Соңғы үш жылда қалада қылмыс деңгейі төмендегені байқалады. Бейнебақылау жүйесін дамыту, қала көшелерін жарықтандыру, қылмыспен тиімді күрес, жұмыссыздықты төмендетуге жәрдемдесу арқылы адамдар өздерін одан әрі қауіпсіз сезінетін қала болуы тиіс. «Қауіпсіз қала» жобасының алғашқы қадамы ретінде қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200 бейнекамералар орнатылды. Партияның міндеті – қаланы тұру үшін жайлы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ету. Бұл үшін «NurOtan» партиясы қол жеткізеді: қылмыстың (1261-ден 1135-ке дейін) және жол-көлік апаттарының деңгейін 10%-ға төмендетуге; Түркістан қаласының қоғамдық орындары мен көшелеріне 5 мың бейнебақылау камераларын орнатуға; 2021-2025 жылдар аралығында қала көшелеріне 26,9 мың диодты шамдарды орнатуға, оның ішінде; — 2021 жылы «Бекзат» және «Отырар» мөлтекаудандарының көшелерінде 8,6 мың; — 2022 жылы «Сауран» және «Иасы» мөлтекаудандарының көшелерінде 8,6 мың; — 2023 жылы «Шауғар» мөлтек ауданының көшелерінде 9,7 мың; «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» профилактикалық 18 шараларды өткізуге; өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге; ғылыми-сарапшы мамандарды тарта отырып, өңірдегі қоғамдық тұрақтылыққа кері әсер ететін факторларды анықтау, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар мен негіздемелер әзірлеуге; тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру жөнінде кешенді жұмыстар атқаруға; жасөспірімдер қылмысын төмендету бағытында мектептер мен колледждерде тәрбиелік танымдық шаралар өткізуге. Нәтижесінде 2025 жылы қылмыс пен жол-көлік апаттарының деңгейі 10%-ға төмендеп, өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етіледі.

«Nur Otan» партиясы атынан  Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді