Домой Қоғам Нұрбек Нышанов: Вакцина-короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы

Нұрбек Нышанов: Вакцина-короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы

Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы өңір тұрғындарына  арқаны кеңге салуға болмайтындығын  ескертеді.              Түркістан облысы эпидемиологиялық жағдайдың матрицалық бағалау көрсеткіші  бойынша  жасыл аймақтар тізімінде, дегенмен    көрші қалалар мен облыстардағы жағдайлардың  күрделенуіне байланысты  КВИ, және пневмония жұқпалы ауруларына шалдығудан барынша сақтанған жөн. Соңғы екі аптада  өңірде короновирус  36 % , пневмония  54 % өскені байқалады.    Карантиндік талаптарды орындамау, яғни  бетперде тақпау, той-жиындарға,  көпшілік  жиналатын жерлерге  бару, сондай-ақ үй-жағдайларында да  қарапайым талаптарды сақтамау сынды  себептер азаматтардың ауруға шалдығуына әкеліп отыр.                      Жыл басынан бері облыста коронавирустық инфекцияның расталған 818 жағдайы тіркелді. Наурыз айының  30-31 күндері  КВИ-дің 15 жағдайы тіркелсе,  пневмониямен  28  азамат тіркелді.      Осы уақытқа дейін  облыста Covid-19  коронавирусты инфекциядан 4493 жағдай расталды.  Жыл басынан бері 625 пневмония аурушаңдығы  тіркелді. Тұрғындар арасында  отбасылық, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру толастамай тұр. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап, тыйым салынған  192 мерекелік іс-шаралар  ұйымдастырылғаны белгілі болды. Түркістан облысының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері  Нұрбек Нышанов короновирустық инфекциядан сақтанудың бірден-бір жолы  вакцина екендігін мәлімдейді.
Сондықтан  өңір халқын  өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, вакцина салдырудан қорықпау   қажеттігін айтады.  Естеріңізге салып өтейік, Түркістан облысында  қазіргі таңда 12700 азамат өз еріктерімен  covid-19-ға  қарсы екпе қабылдады.  Сәуір айында өңірге 10700 дозасы келеді деп күтілуде