Домой Қоғам “Nur Otan”: Үміткерлер жиһаз өндірушілермен кездесті

“Nur Otan”: Үміткерлер жиһаз өндірушілермен кездесті

“Nur Otan” партиясы бекіткен кестесіне сәйкес, бүгін Түркістан қалалық мәслихат үмiткерлері Дарын Жаппарқұлов, Нұрсұлтан Жүсіппаев, Худияров Ғалымжан «GRAND MIKS» жиhаз шеберханасының ұжымына сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жасады. Үміткерлер шеберхананың жұмыс сапасына жоғары баға беріп, алдағы уақытта ел игілігіне жарайтын нысан болатынына сенім білдірді. Шеберхана мамандары үгіт- насихат жұмыстарының ел ертеңіне үлес қосар бірегей бастама екенін айтып, ел партиясына ризашылдықтарын білдірді. Алдағы сайлауға белсене атсалысатындарын айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі. Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай жылына 300 тонна шарнирлы және 3D торлар өндіретін цех ашуға; жылына 1000 дана көпфункционалды постерминал, 200 өзөзіне қызмет көрсету терминалын шығаратын цех ашуға; былғарыдан жылына 18,7 мың пар аяқ киім бұйымдарын өндіретін цех ашуға; жылына 1800 тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех ашуға; жылына 1,2 млн. дана монтаждау пена, 500 мың дана силикон, 200 мың дана мастика өндіретін цех ашуға; 5 жылына 92 мың м3 темір-бетон бұйымдарын өндіретін зауыт салуға; жылына 350 мың тонна асфальт-бетон, 36 мың м3 темір-бетон және 20 мың м3 газоблок өндіретін зауыт салуға; жылына алюминий бұйымдары 660 мың. п.м, 7 мың дана жабын плиталар, 7 мың дана бағаналар, 10 мың м3 темір-бетон өндіретін зауыт салуға; жылына 150 мың. м3 газоблок, 900 мың дана қап құрғақ құрылыс қоспалар және 900 мың дана сулыдисперсионды бояу шығаратын зауыт салуға; жылына 2,5 мың тонна түйе, бие сүтінен құрғақ сүт өндіретін зауыт салуға; жылына 200 мың тонна асфальт-бетон және 30 мың тонна бетон қоспаларын өндіретін цех ашуға; жылына 600 мың тонна асфальт, 150 мың м3 тауарлы бетон өндіретін зауыт салуды көздеп отыр. Нәтижесінде алдағы бес жылда өнеркәсіпті дамытуға баса назар аударылып, отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығаратын жаңа өндіріс орындары ашылады деп күтілуде.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді