Домой Қоғам «NUR OTAN» ҮМІТКЕРІ ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЕЛМЕН КЕЗДЕСТІ

«NUR OTAN» ҮМІТКЕРІ ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЕЛМЕН КЕЗДЕСТІ


«Есіктен-есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Сейтжанов және аудандық партия филиалының сайлауалды штаб төрағасы Абай Құрман Отырар ауданы, Темір ауылына барып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырған кандидаттар ауылдың экономикалық белсенділігін арттыру мен ахуалын жақсартуға бағытталған бағдарламаның ұтымды жақтарын сөз етті.
«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдап, осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» жобаларын іске асыру жалғастырады. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетін болады.
Кездесуде Н.Сейтжанов тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, саяси додада «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.


«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді