Домой Қоғам «Nur Otan»: Біз кәсіпкерлерді қолдаймыз

«Nur Otan»: Біз кәсіпкерлерді қолдаймыз

Кәсіпкер — елдің игілігі жолында қызмет ететіні ақиқат. Оған дәлел біздің қаламыздағы «Қуаныш» сауда орталығының директоры, Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы — Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызымен өткен сұқбат.⠀Әйел — бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербеткен. Қоғамның ұйытқысы болған Инара Әбдіғаппарқызы гендерлік саясатқа үлес қосып, ел экономикасының дамуына өзінше сеп болып келеді. Әңгіме барысында партияның жетістікке жетелейтін бастамалары сөз болды.

Шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, қаладағы кәсіпкерлік көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалды, қаланың жалпы өңірлік өніміне шағын және орта бизнестің үлесі артты. Алайда, COVID-19 таралуы және оның салдары бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етті. Экономиканың бөлшек және көтерме сауда, көлік және сақтау, жылжымайтын мүлік, қонақ үй бизнесі, қоғамдық тамақтану сияқты секторлары ең көп зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде қала аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады. 7 Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:  жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 12 кәсіпкерге қолдау көрсетуге, оның ішінде 7 жобаны субсидиялауға: 2-ін кепілдендіруге, 2-ін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және 1 азаматқа грант ұсынуға;  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жыл сайын 95 стартап гранттар мен 205 несие алуына жағдай жасауға;  мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 100-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға;  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен 9 жаңа жобаны несиелендіруге;  қаржыландыру орталықтары арқылы 20 жобаны (жыл сайын 18-нен аса) несиелендіруге ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесі 96%-ға жетіп, кәсіпкерлер саны 13 мыңға, ал ондағы жұмыскерлер саны 30 мыңға арттырылады.

«Nur Otan» партиясы атынан  Түркістан қаласы  Сайлау қорының қаражатынан төленді