Бүгін экспромт кездесу бойынша Қолөнер шеберлерінің базарына барып, сатушылармен кездестім. Кәсіпкерлер бағдарламаға қатысты ұсыныстарын жеткізіп, 10-қаңтар күні өтетін сайлауда белсенділік танытатындықтарын жеткізді.⠀
Жалпы, бағдарламада таяу жылдары туристердің ішкі ағынының көбеюі орналастыру орындарының көбеюіне, қаланың сауықтыру орталықтарының жақсаруы мен көрсетілетін қызметтер тізбесінің кеңеюіне байланысты болатындығы жазылған.
Туризм – бұл COVID-19 пандемиясының салдарынан аймақ экономикасының ең көп зардап шеккен саласы. Сонымен қатар, басқа елдермен шекаралардың жабылуы ішкі туризмнің дамуына мүмкіндік берді. Таяу жылдары туристердің ішкі ағынының көбеюі орналастыру орындарының көбеюіне, қаланың сауықтыру орталықтарының жақсаруына және көрсетілетін қызметтер тізбесінің кеңеюіне байланысты болады. Пандемияны жеңу жағдайында ішкі туризм экономикалық локомотивтердің бірі бола алады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы: 2021 жылы 120 орындық қонақ үй-мейрамхана кешенін ашуға; «Керуен сарай» шығыс стиліндегі базар мен бірқатар қонақ үй кешендері және «Қ.А.Иасауи кесенесі жанындағы тарихи-мәдени орталық» құрылысын аяқтауға; 2023 жылы «Ұлы дала елі» орталығы құрылысын («Түркі әлемі» орталығы, «Қазақ хандары мен билері» мәдени-тарихи орталығы, «Ұлы дала елі» орталығы) аяқтауға; 2025 жылға дейін жалпы қонақ үйлер санын 26-дан 50-ге жеткізуге (4,5 мың орынды) және жаңадан 22 мейрамхана (1 320 орынды) салуға; жаңа туристік маршруттарды әзірлеу мақсатында күнделікті түйелер керуенімен Сауран қалашығына дейін 2-ден 4-ке дейін маршрут ұйымдастыруға; 8Қ.А.Иасауи (Күлтөбе, Мұса жауы, Жұма мешіті және т. б.) қорығының туристік объектілері мен киелі орындарын дамытуға; қаладағы қоғамдық жерлерге, бірінші кезекте Қ.А.Иасауи кесенесінің аумағында, «Түркістан» темір жол станциясы аумағына, Гүлдер саябағында орналасқан Қабылдау үйі аумағына және әлуеметтікмәдени маңызды нысандарға туристер үшін тегін, ашық Wifi желісінің орнатылуына; туризм саласында сапалы қызмет көрсету мақсатында жылына 210 астам мамандар («Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде 25, Халықаралық қазақ-түрік университетінде 157 студент, «Болашақ» колледжінде 30 оқушы) және 500 студент қабылдайтын жылына Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашуға ықпал етеді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін жалпы қонақ үйлер саны 50-ге жетіп, туризм саласында сапалы қызмет көрсететін 1050 маман дайындалады.
«Nur Otan» партиясы атынан Түркістан қаласы Сайлау қорының қаражатынан төленді