Домой Қоғам БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ — АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ

БІЗДІҢ МІНДЕТІМІЗ — АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ СЕНІМІН АҚТАУ

Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері талай шыңдарды бағындырды. Әрине, алғашқы жылдары қиыншылықтар болды. Экономикамыз бәсеңдеп қалды. Ақша құнсызданды. Тұрмысқа қажетті заттардың барлығы қымбаттады. Жұмыссыздық көбейді. Бертін келе экономикамыз тұрақтап, халқымыздың әл-ауқаты арта түсті. Еліміздің әр аймағында құрылыс нысандары бой көтере бастады. Ауруханалар, мектептер салынды. Маңызды деген көшелерге асфальт төселді. Бірқатар аудан, қалаларға газ жүйесі тартылды. Бұл жұмыстарды еліміздің азаматтары жүзеге асырды. Осылай ету арқылы жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Тұрғындардың басым көпшілігі баспаналы болды…
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер және аудандық сайлауалды штабының бастығы ретінде ауданымыздағы елдімекендердің тұрғындарымен кездесу өткіздім. Кездесу барысында сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының мақсат-міндеті, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері, алдағы 5 жылға арналған бағдарламалары, сонымен қатар аудан көлемінде атқарылар жұмыстар жөнінде кеңінен айтып өттім.
Жалпы, біздің бағдарламамыз туған ауданды кешенді дамытуға бағытталған. Ордабасы ауданын ауыл шаруашылығы өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі және агроөнеркәсіптік кешені саласындағы сауда орталығына айналдыру бойынша нақты шараларды ұсынып отырмыз. Біздің міндетіміз — Ордабасы ауданының әрбір тұрғынының сенімін ақтау. Алдағы бес жылда аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылады. Нақтырақ айта кетсем, ауданға толықтай газ тартылып, ауыз сумен қамтылады. Білім ошақтары, көп қабатты үйлер салынады, жолдар асфальтталады.
Аудан тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлы,
«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық сайлауалды штабының бастығы.

«Nur Otan» партиясы Ордабасы ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді