Домой Экономика ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА КӨШ БАСТАП ТҰР

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚТАР МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА КӨШ БАСТАП ТҰР

Түркістан облысының Түлкібас ауданы соңғы жылдары жеміс-жидек өсіру бағытында ғана емес сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бір қуантатыны, соңғы жылдары аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар ар-қылы қолындағы азын-аулақ малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын бірінен соң бірі ашуда.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындар мәселесіне ерекше тоқталып: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», деген еді.
Осы бағытта бүгінгі таңда Түлкібас ауданына жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен, биылғы жылы аудан аумағында 35 бірлік мал бордақылау алаңшалары ашылып, 57 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының 2019 жылға тапсырмасы 29 бірлік ашу болатын болса, тапсырма 120,7 % пайызға асыра орындалып отыр.