Домой Экономика ОТАНДЫҚ БРЕНД «ALTYN ADAM» МАМАНДАРЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫН ҚОЛДАЙДЫ

ОТАНДЫҚ БРЕНД «ALTYN ADAM» МАМАНДАРЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫН ҚОЛДАЙДЫ


«Jas Otan» ЖҚ «Jastar — Otanga!» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын дайындау мақсатында жүргізіліп жатқан жобаны жалғастыру үшін «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалы мүшелері Сайрам ауданының орталығындағы еліміздегі алдыңғы қатарлардағы отандық бренд саналатын «Altyn Adam» тігін фабрикасына барып қайтты. Іс-сапар барысында фабрикада жұмыс істейтін жастардың әл-ауқатын арттыру үшін мемлекет тарапынан тағы қандай қолдау күтетіндері сұралды. Жастардың айтқан ұсыныстарынан кейін «Jas Otan» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрайымы Ж.Намаз бағдарлама туралы толық ақпарат беріп өтті. Елімізді жастар үшін жасалып жатқан көптеген мүмкіндіктер үшін тігін фабрикасында жұмыс жасайтын жас мамандар үлкен ризашылық көрсетіп, әр адамның пікірін бағалап, мемлекетіміздегі барлық жас ұрпақтың ұсынысын қабылдап жатқаны үшін алғыстарын білдірді. Шара соңында фабрика мүшелері еліміздің экономикасын арттыру жолында жасап жатқан өнімдерімен таныстырды.