Домой Экономика КЕЗЕКТІ ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨНІМДЕР 30 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕН БАҒАДА САТЫЛДЫ

КЕЗЕКТІ ЖӘРМЕҢКЕДЕ ӨНІМДЕР 30 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕН БАҒАДА САТЫЛДЫ

Арыс қаласында облыс тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы бағадан 30 пайыз арзанға сатылды.

Жәрмеңкеде 150 тоннадан астам өнім жұртшылыққа ұсынылды. Өнімдердің жалпы құны 65 миллионға жуық теңгені құрайды. Барлық аудан, қалалардың даму басымдықтарына сай жинақталып, ұсынылған өнімдерге арыстықтар ризашылығын білдірді.

Мәселен, ет және ет өнімдерінің жалпы көлемі 47,6 тоннаны құраса, 41 тонна көкөніс те сатылымға шықты. 8,4 тонна сүт өнімі, 28 тонна бақша өнімі де лезде сатылып кетті. Сонымен бірге 7,5 тонна жеміс-жидек, 3 тонна балық, 14 тонна өзге де тауарлар Арыстағы жәрмеңкеге жеткізілді.

Арыс қаласын қалпына келтіру және тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатында өткен кезекті жәрмеңкеде Созақ ауданының мәдениет саласының қызметкерлері өнер көрсетіп, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.