Қонаев көшесіндегі №44-ші 5 қабатты 60 пәтерлі тұрғын үйдің іргетасы 1989
жылы қаланған. Міне, содан
бері 30 жыл өтседе осы уақытқа дейін бірде бір жөндеу көрмепті. Тұрғындардың
бас ауруына айналған үй биыл өңірлерді дамытудың 2020-шы жылға дейінгі
мемлекеттік» бағдарламасына еніп, үйдің кіре берісі, шатыры, жертөлесі мен
инженерлік жүйелері, қасбеті жөнделуде.
Құрылыс жұмыстарын «Құрылыс Кентау» ЖШС мекемесінің тапсырысы бойынша «ЕрМад»
ЖШС жүргізуде. Маусым айында басталған күрделі жөндеу жұмыстары тамыз айында
аяқталуы тиіс. Тұрғын үй қорларын жаңғырту тетігі аясында жасалынып жатқан
жұмыстың жалпы құны 20 млн-нан асады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі
мемлекеттік бағдарламасының» тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі бойынша 2019 жылға
Кентау қаласындағы 44 көпқабатты тұрғын үйлердің ішінен 14 үйдің қаржысы
бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 30 көпқабатты үйді күрделі
жөндеуден өткізуге Түркістан облыстық мәслихатының бюджетті нақтыланып, қаржы
қарастырылды. Қазіргі таңда қаржы бөлінуіне байланысты ұйымдық жұмыстары
жүргізілуде. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін 2019 жылдың шілде айының
3-онкүндігінде аталған 30 көпқабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктеріне күрделі
жөндеу жұмыстары басталады. Тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өткізіледі.
Шатырасты ағаш конструкциялы және профнастил жабындымен ауыстыру, сыртқы
подъезд есіктерін металл код құлыптарына ауыстыру, кіреберіс ағаш терезелерін
ПВХ материалдарына ауыстыру, подъезд жөндеу, су, кәріз, жылу құбырларын жөндеу,
фасад бойынша бір қабатты штукатур және бояу жұмыстары қолға алынбақ.
Нәтижесінде үйлер заман талабына сай жаңғыртылады. Үйлерді жөндеу барысында
тұрғындарға 3 түрлі нұсқа ұсынылып, таңдалған нұсқа бойынша жұмыстар
атқарылады.
Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы дерлік кондоминумға
тіркелген.
Айта кетейік, 2020 жылы 74 үй, 2021 жылы 73 тұрғын үй күрделі жөндеуден
өткізіледі. Енді әр жылы жоспарға сәйкес жүзеге асырылып, Кентау қаласындағы көпқабатты
тұрғын үйлер жаңа кейіпке енетін болады