Домой Білім ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕКТЕП АШЫЛДЫ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқу орындарының тапшылығын шешуге, апатты мектептерді және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған. Бұл жоба – білім беру сапасын арттыру мен оқушыларға барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін жасалған маңызды қадам. Осыған орай, 2024-2025 жылдары Түркістан облысында 29 мектеп салу көзделген.
Аталмыш жоба аясында Жетісай ауданының Асықата кентінде қолданысқа берілген кезекті 900 орындық білім ұясының ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы қатысып, жаңа мектептің ашылуымен жұртшылықты құттықтады.
– Өңірімізде 29 жайлы мектеп құрылысынан басқа облыстық бюджет және басқа қаржы көздерінен 21 мектеп салынуда. Бұл 50 мектеп пайдалануға берілгенде өңірде апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі. Өздеріңізге белгілі, облысымызда білім саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Біз оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Білім ошақтарының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз етеміз. Ол үшін биылғы жылдың өзінде мектептеріміз бейнебақылау, дабыл, FАCЕ ID жүйелерімен қамтылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланды, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Мектептің жалпы аумағы – 3 га. 50 сынып комплектісі мен 255 орындық асханасы, кітапхана мен арнайы оқу залы, шеберхана мен акт залы, медициналық пункт бар. Бейнебақылау камералары орнатылған.

Бұл нысан өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударып келеді. Соның бір дәлелі ретінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын атап өтуге болады. Бұл жоба тек жаңа мектептердің ашылуымен шектелмей, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен жүргізуге бағытталған. Түркістанда ашылған алғашқы «Жайлы мектеп» осының жарқын мысалы. Бұл білім ордасының ашылуы қаладағы мектептердегі жүктемені азайтуға және сапалы білім беру қызметін қолжетімді етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жайлы мектептердің алғаш­қысының ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты. Жаңа білім ұясы қаладағы 2 мектеп­тегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданған. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қабылдана­тын болады. Арнайы іріктелген ұстаз­дардан бөлек, қаржы, шаруа­шылық қызметкерлері жұмысқа алынған. 

Бұл өз кезегінде оқушылардың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік беріп, мектептегі оқушы санының көбеюіне байланысты мұғалімдерді де конкурстық негізде қабылдау жоспарланған. Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай салынған. Білім ордасы төрт қабатты болып, физика, химия, биология және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Мұндай жаңашылдықтар оқушылардың білім деңгейін көтеруге және олардың ғылыми-техникалық бағыттағы қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектепте спорт және шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары қарастырылған. Мұндай инфрақұрылымдар оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда ұсталған. Биылдың өзінде мектептер бейнебақылау және дабыл жүйелерімен толықтай қамтылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланған. Бұл шаралар балалардың қауіпсіз ортада білім алуына септігін тигізеді. «Жайлы мектеп» тек жалпы білім беретін балаларға ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасайды. Мектепте инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сат іске қосылған.

Жалпы алғанда, Түркістан қаласында ашылған алғашқы «Жайлы мектеп» – өңірдегі білім саласының дамуына жасалған маңызды қадам. Бұл білім ордасы қаладағы оқушы жүктемесін азайтып қана қоймай, сапалы білім беру жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Заманауи жабдықтармен қамтылған кабинеттер, инклюзивті білім беру мүмкіндіктері және қауіпсіздік шаралары арқылы жаңа мектеп оқушылардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасайды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының табысты жүзеге асырылуы өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешуге септігін тигізеді.
Заманауи пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталған мектепте оқушылардың сапалы білім алуларына толық жағдай жасалған. «Жайлы мектеп» тек жалпы білім беретін балаларға ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасайды. Мектепте инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сат іске қосылған.

Жалпы алғанда, Түркістан қаласында ашылған алғашқы «Жайлы мектеп» – өңірдегі білім саласының дамуына жасалған маңызды қадам. Бұл білім ордасы қаладағы оқушы жүктемесін азайтып қана қоймай, сапалы білім беру жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Заманауи жабдықтармен қамтылған кабинеттер, инклюзивті білім беру мүмкіндіктері және қауіпсіздік шаралары арқылы жаңа мектеп оқушылардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасайды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының табысты жүзеге асырылуы өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешуге септігін тигізеді.

Облыс орталығының жаңа қала аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және роботтехника кабинет­тері заманауи жабдықтармен қамтыл­­ған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт, шебер­лік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырыл­ған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалар­дың жас ерекшелігіне орай блоктар­дың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жекеше­леген кіш­кене шкафтармен қамтыл­ған. Ерек­ше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған. «Облыста білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі барлық қажетті шараны қабыл­дап отыр. Соның ішінде білім ошақта­ры­ның аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толық­тай қамтамасыз ету басты мін­дет­тер қатарында. Мектептер бейне­­бақылау, дабыл жүйелері­мен қам­тылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланды. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдай жасалған орын. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Олар­дың оқуда озат болып, қоғамның бар­лық саласында биік белестерді бағын­дыруына тілектеспін», деді облыс әкімі мектептің ашылу салтанатында.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында жалпы сыйымдылығы 17 800 орын болатын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізілді. Жоғарыда айтып өткеніміз­дей, Президенттің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 29 мектеп салынады. Жалпы, «Жайлы мектеп» ұлт­тық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуат­тылығы 49 мың оқушы орындық 63 мектептің құрылысын жүр­гізу жоспарланған.