Құрметті
Түркістан қаласына келуші қонақтар мен туристер!
Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты әрбір келушіге рухани —
мәдени тынығуға қолдау білдіру мақсатында Мәдениет және спорт министрінің
тапсырмасымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейіне 25 маусым — 6 шілде аралығында кіру тегін екенін хабарлаймыз.
Барлық азамат өткеннен сыр шертетін түркітілдес
халықтарға ортақ мәдени мұралар және тарихи ескерткіштерді көріп, рухымыз бен
беделімізді асқақтатып тұрған Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген, қазақ
тарихында өшпес іздері бар 21 хан, 19 би, 52 батыр, 8 сұлтан және өзге де
жақсылар мен жайсаңдардың тарихымен таныса алады.
Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішінде Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасына
орай ұйымдастырылған «Ер қанаты — ат» көрмесі мен Құдықхана, Асхана,
үлкен және кіші Ақсарай, жерасты қылуеті мен шығыс моншасын да аралап,
тағылымға толы тарих жолымызбен танысуға келіңіздер.
Естеріңізге салсақ, ҚР Мәдениет және спорт
министрлігі және министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, «Nur Otan»
партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері жергілікті халыққа
көмек көрсету қорының есебіне бір күндік жалақыларын аударған болатын. ҚР
Мәдениет және спорт министрлігі Арыстағы оқиғадан зардап шеккендерге жан-жақты
көмек көрсетуге шақырып, әрбір күнге арнайы жоспарлар бекітті
Домой Басты жаңалықтар «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕ 25 МАУСЫМ — 6 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ...