Домой Әлеумет ЖАҢА АЛЛЕЯДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРМЕК

ЖАҢА АЛЛЕЯДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРМЕК

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында Түркістан облысының барлық аймақтарында нақты шаралар қолға алынуда. Әсіресе, халықтың серуендеуі үшін демалыс орындарының санын арттыру мақсатында жанға сая сыйлайтын саяжайлардың орны бөлек. Осы мақсатта Ленгір қаласында жүзеге асырылып жатқан игi істер күн санап артып келеді,-деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Солардың бірі — қала тұрғындары мен қонақтарының демалыстары үшін бой көтеріп жатқан аллея. Демалыс орны Әйтеке би көшесінің бойында салынуда. Айта кетері, аллеяда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның ескерткіші орнатылатын болады.

Бүгінде құрылыс орнында жарықтандыру бағаналары орнатылып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа саябақ тұрғындардың тынығуына, дене шынықтырып, серуендеуіне қолайлы болмақ.

Сонымен қатар, саябақта спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар, балаларға арналған ойын алаңшалары салынады. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, кіреберіс жерінде арка орнатылып, саябақты көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.