Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ТҮРКІСТАНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Биыл Түркістан олбысы Түлкібас аудан аумағында 34 600 гектар жерге түрлі дақылдар егіледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда аталған егін алқабының 32 900 гектары жыртылып, өнделуде. Шаруаларға көктемгі дала жұмыстарына 2200 тоннадан астам жеңілдетілген бағада жанар-жағармай бөлініп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тарапынан қолдауды қажет ететін 18 жоба қаржы институттары арқылы қаржыландырылуда. Осы және басқа да ауыл шаруашылығы саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар легін бүгінгі аппараттық жиында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Керімқұлов баяндады.Аудан әкімі төрағалық еткен лездемелік жиында аудан аумағында коронавирустық инфекциясымен күрес жұмыстарының барысы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, ағымдағы жылы акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымының алдын алу жұмыстарының барысы мен денсаулық сақтау және жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша жауаптылардың баянамаларын тыңдап болған соң жиынды қорытындылаған аудан әкімі денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерге кеңінен тоқтап, коронавирус індетіне қарсы вакцинация жұмыстарын жеделдету мақсатында арнайы жұмысшы топтар құруды тапсырды. Сондай-ақ, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша бекітілген жарнаны төлемей жүрген аудан тұрғындарын анықтап, бұл бағыттағы жұмыстарды тез арада жандандыру қажеттігін атап өтті.Жиында мекеме басшылары тарапынан айтылған ұсыныстарды хаттамаға енгізіп, нақты жұмыс жоспарын дайындауды тапсырды