Домой Әлеумет ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

Түркістан қаласындағы «Бекзат» мөлтек ауданында ұзындығы 900 метрді құрайтын сквердің абаттандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Рашид Абатұлы тұрғындар еш кедергісіз келіп, уақытты тиімді өткізуге болатынын айтты. Сонымен қатар, жауапты бөлімдерге тазалығына назар салып, көгалдандыру жұмыстарын күтіп ұстауды тапсырды. Жалпы, аталған скверде бастырмалар, теннис үстелі, балаларға арналған ойын алаңша, спортпен шұғылдануға арналған алаң және кәуап пісіруге арналған бастырма бар. Демалыс орнын кез келген тұрғын пайдалана алады. Келушілерден тазалықты сақтау талап етіледі. Жалпы, аумақтағы скверді одан әрі ұзарту жұмыстары да жоспарланып жатыр. Атап айтқанда, 600 метр ұзындықта скверді жалғастырып, демалыс орнын тұрғындарға жайлы ету мақсаты көзделген. Шаһар басшысы көгалдар мен отырғызылған ағаштарға суару жүйесін талапқа сай етіп жүргізуді және мұнда шие, өрік, алма сынды жеміс-жидек ағаштарын да отырғызуды тапсырды.Шаhар басшысы одан өзге «Бірлік» тұрғын үй массивіндегі, Керей хан көшесі бойындағы және Әбдірахманов пен Елекеев көшелері бойындағы құрылысы жүріп жатқан саябақ, скверлерді аралады. Жауын салдарынан суға толған сквер аумағын дереу «Түркістан Су» мекемесінің қолға алуын ескертті. Сонымен қатар, «Керуен сарай» кешенінде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жұмыстарын бақылап, істі ширатуды және сапалы орындауды тапсырды.