Түркістан өңірінде төтенше жағдайлар қызметі халықты апаттардан қорғау және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін жаңа технологияларды белсенді түрде енгізуде. Мәселен, былтыр жылыту маусымы қарсаңында Түркістандағы тұрғындарға улы газдан уланудың алдын алу және өрт қауіпсізді бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының ерекшелігі ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы халыққа жылыту маусымының қауіпсіздік ережелері жеткізілді.
Төтенше жағдайлар қызметі — табиғи және техногендік апаттарға жедел әрекет ететін құрылым. Оның басты мақсаты — адамдардың өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғау. Жаңа технологиялардың енгізілуі қызметтің тиімділігін арттыруға, халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді. Түркістан қаласында төтенше жағдайлар қызметіне жаңа технологияларды енгізудің негізгі мақсаттары бар. Төтенше жағдайлар кезінде әр секунд маңызды рөл атқарады. Жаңа технологиялар арқылы оқиға орнына жедел жетіп, зардап шеккендерге тез көмек көрсету мүмкіндігі артады. Ақпараттық жүйелер мен заманауи құрал-жабдықтар арқылы төтенше жағдайлардың пайда болу қаупін ертерек анықтап, оларды болдырмау шараларын қабылдау мүмкіндігі бар. Төтенше жағдай басқармасы қызметкерлерінің жұмысы өте қауіпті, сондықтан жаңа технологиялар олардың өміріне қауіп төндірмей, тиімді әрекет етуге көмектеседі. Түркістан қаласындағы төтенше жағдайлар қызметі бірнеше жаңа технологияларды енгізуде, олардың әрқайсысы апаттарға қарсы әрекет етудің тиімділігін арттыруға бағытталған. Дрондар төтенше жағдайлар кезінде ақпаратты жедел жинау және оны талдау мақсатында қолданылады. Олар төтенше жағдай орын алған аймақты қадағалап, нақты уақыт режимінде мәліметтерді беруге мүмкіндік береді. Мысалы, орман өрттері немесе су тасқыны кезінде дрондар жағдайдың нақты суретін түсіріп, құтқару қызметтеріне қажет ақпаратты жеткізеді. Дрондарды қолданудың артықшылықтарына келсек, жағдайды қадағалап, нақты уақытта деректерді жинауға мүмкіндік береді. Кейбір төтенше жағдайлар орын алған жерлерге адам жету қиын. Дрондар арқылы мұндай аймақтарда жағдайды бақылау мүмкіндігі бар. Геоақпараттық жүйелер төтенше жағдайларды болжау және олардың таралуын талдау үшін қолданылады. ГАЖ арқылы Түркістан қаласында өрт қаупі бар аймақтарды, су тасқыны немесе сел тасқынына бейім жерлерді анықтауға болады. Бұл жүйелердің көмегімен қауіпті аймақтарды бақылау, карта жасау және қажет шараларды жоспарлау жеңілдейді.
Геоақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері — Түркістан қаласының аумағындағы қауіп-қатерлерді картаға түсіру және оларды бақылау және геоақпараттық деректер негізінде төтенше жағдайлардың ықтималдығын болжау және алдын алу. Ал автоматтандырылған хабарлау жүйелері төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға жедел ақпарат жеткізуге мүмкіндік береді. Түркістан қаласында орнатылған бұл жүйелер арқылы халыққа табиғи апат, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туралы хабарлар беріліп, эвакуациялау жөнінде нұсқаулар жеткізіледі. Автоматтандырылған жүйелердің артықшылықтары баршылық. Тарқатсақ, төтенше жағдайлар кезінде ақпарат тез таралуы керек, бұл жүйе арқылы халыққа қажетті ақпарат жедел жеткізіледі.Халықты эвакуациялау қажет болған жағдайда, хабарлау жүйелері арқылы эвакуация маршруттары мен нұсқаулар туралы ақпарат беріледі. Түркістан қаласында өрт сөндіру барысында роботталған құрылғылар қолданылуда. Бұл роботтар өрт кезінде адамдардың өміріне қауіп төндірмей, қауіпті жерлерге кіріп, өртті сөндіруге мүмкіндік береді. Роботтар қиын қолжетімді жерлерге жетіп, өртті сөндіру үшін су немесе көбікті пайдаланады. Роботтар өрт сөндіру үшін қолжетімділігі қиын жерлерде әрекет ете алады. Қаланың маңызды нысандарында және тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін смарт датчиктер орнатылады. Бұл датчиктер өрттің алғашқы белгілерін (температураның көтерілуі, түтіннің пайда болуы) анықтап, жедел қызметтерге хабар береді. Сонымен қатар, мониторинг жүйелері ғимараттардағы өрт қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік береді. Түркістан қаласында төтенше жағдайлар қызметіне цифрлық технологияларды енгізу төтенше жағдайлармен күресудің тиімділігін арттырады. Цифрлық платформалар арқылы төтенше жағдайлар туралы ақпарат жинау, талдау және шешім қабылдау процесі автоматтандырылады. Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және сақтау үшін арнайы ақпараттық платформалар мен деректер базасы пайдаланылады. Бұл платформаға төтенше жағдайлар, олардың салдары, қолданылған шаралар және басқа да мәліметтер енгізіледі. Осы деректер базасы арқылы ТЖҚ қызметкерлері төтенше жағдайлар бойынша талдау жүргізіп, қажетті шараларды жоспарлай алады. Төтенше жағдайлар кезінде халыққа ақпарат жеткізу және көмек көрсету үшін арнайы мобильдік қосымшалар қолданылады. Бұл қосымшалар арқылы тұрғындар төтенше жағдай туралы ақпарат алып, қажетті шаралар туралы кеңес ала алады. Сонымен қатар, қосымша арқылы жедел қызметтерге төтенше жағдай туралы хабарлама жіберу мүмкіндігі де бар.































