Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЫНТАЛЫ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ БОЛУ ҮШІН АРНАЙЫ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЫНТАЛЫ ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ БОЛУ ҮШІН АРНАЙЫ ТЕСТІЛЕУДЕН ӨТТІ

Елбасының «100 нақты қадам» бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспарының 15 қадамының бірінші бағыты — кәсіби мемлекеттік аппарат құру.

Осы бағытта бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті мен Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен әкімдік қызметкерлерінің жеке құзыретін бағалайтын тестілеу өтті.

Қызметкерлерден арнайы тестілеу алу үшін Халықаралық HR саласындағы білікті  маман шақыртылды.

Тестілеудің өткізудің басты мақсаты — әкімдік қызметкерлерінің жеке қасиеттерін дамыту және кәсіби дайындық деңгейлерін анықтау. 

Тестілеу бекітілген кесте негізінде үш кезеңде өтті, яғни сандық, ауызша және тұлғалық. 

Қызметкерді бағалау қызықты ойын элементтері түрінде өткізілді.

Өткізілген тест нәтижесі бойынша әрбір қызметкер тиісті ұсыныстар мен кеңестер алатын болады.