Домой Әлеумет ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА 210 ДАНА ОТТЕГІ БАЛОНЫН ТАРТУ ЕТТІ

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА 210 ДАНА ОТТЕГІ БАЛОНЫН ТАРТУ ЕТТІ

Қиын кезеңде қазақ халқы қай кездеде бір-біріне демеу болған ел. Бүгінде елімізде кең етек жайған жаман індетпен күресуде де қолдарынан келген барлық көмекті жасауда. Олай дейтініміз қазіргі таңда барлық ауруханалардағы науқастарға жасанды тыныс беру мақсатында оттегі балондары ауадай қажеттігі туындағанын естіген еріктілер жанашырлық танытып оттегі балондарын тегін жеткізуде.
«Көп түкірсе көл болады» демекші соңғы бір аптаның ішінде Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық ауруханаға демеушілер мен ерікті тұрғындар есебінен 210 дана оттегі балондары жеткізіліп берілді. Сондай-ақ, ол балондардың оттегісі таусылған жағдайда Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетіне балондарды толтырып келу үшін аудан әкімдігінен жүргізушісімен  газель автокөлігі бөлініп тәулігіне 24 сағат қызмет етуде.
Демеушілер тарапынан жұмыстар осымен тоқтамайды. Алдағы күндері еріктілер тарапынан ауруханаға тыныс алу құрылғылары да жеткізілу жоспарлануда.

Сонымен қатар, барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктері мен жүргізушілерін ақ халатты абзал жандарға беріп, бүгінде 17 көлікпен бригадалар үйлерінде сырқаттанып жатқан тұрғындарды үйме-үй аралап ем домдарын жасауда. Осылайша Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаман індеттің алдын алу мақсатында жүйелі шаралар іске асуда.